Елордада "Астана Арена" стадионы мен "Сарыарқа" велотрегі арасындағы жол жөнделеді

Бүгiн, 01:22
133
Бөлісу:
Елордада "Астана Арена" стадионы мен "Сарыарқа" велотрегі арасындағы жол жөнделеді
Фото: gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын "Астана Арена" стадионы мен "Сарыарқа" велотрегі арасындағы жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.

Осыған байланысты, 13-15 тамыз күндері аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы