Елордада «Арқар» көпірі жабылды

15 Тамыз 2022, 16:07
1589
Бөлісу:
Елордада «Арқар» көпірі жабылды

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Арқар» көпірі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығы учаскесінен Рақымжан Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Осыған байланысты 15-24 тамыз аралығында көпірді Рақымжан Қошқарбаев даңғылы бағытында 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Сарайшық көшесі бағытында жабылады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін қаладағы Сейфуллин көшесінің Республика даңғылы мен Әуезов көшесі аралығындағы бөлігі  толық жабылғаны хабарланған еді.

Елордада жол жөндеу жұмыстары  қазан айына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы