Елордада ақша жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды

5 Тамыз 2024, 12:32
451
Бөлісу:
Елордада ақша жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Елордада қаражатты жымқырғаны үшін балабақша меңгерушілері сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі 5 ұйымның меңгерушілері және олардың көмекшілері жас балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұрынғы балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.

Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған.

Мемлекеттік айыптаушы - прокурор сотталғандардың кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды.

Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, мәжбүрлі еңбекке тартуға және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуға сотталды. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде, меңгерушілердің келтірілген залалды өтегені, кінәларын толық мойындағаны және олардың кішкентай балаларының бар екендігі танылды. Ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жыл бас бостандығынан айырылды. Жымқырған 35 млн теңгеден астам қаражаттың барлығы бюджетке қайтарылды. Үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы