Елордада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау басталды

12 Ақпан 2022, 13:33
1794
Бөлісу:
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы өтініштер қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 Қаулысы аясында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өз қызметін әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізіледі.

Өтініштер 2022 жылғы 1-15 наурыз аралығында Бейбітшілік көшесі, 11, 113-кабинетте қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша жауапты басқармаға 55-69-10, 55-69-03, 55-69-19 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтінімдер қабылданбайды.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Өзгелердің жаңалығы