Елордада әлемдік жұлдыздармен мұз шоуы өтеді

Бүгiн, 02:26
118
Бөлісу:
Елордада әлемдік жұлдыздармен мұз шоуы өтеді
Фото: pixabay.com

30 қараша күні Астанада алғаш рет әлемдегі ең талантты мәнерлеп сырғанаушыларды бір алаңда тоғыстыратын ауқымды халықаралық мұз шоуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, Ресей чемпионы, бір дегенде төрт рет секірген алғашқы әйел Александра Трусова, Ресей чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дмитрий Алиев, Еуропа чемпионы, Гран-при финалының жеңімпазы Алена Косторная, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы және Гран-при финалының жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін чемпионы Хавьер Фернандес, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Гергий Куница, жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионы Александр Плющенко және басқалар қатысады.

Іс-шара бағдарламасында – «Щелкунчик», «Золушка және әдемі ханзада», «Қызыл телпек», сондай-ақ «Аққу көлі» және «Кішкентай су перісі» классикалық балеттерінің үзінділері сияқты сүйікті ертегілерге негізделген қызықты нөмірлер бар.

Өзгелердің жаңалығы