Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жолаушылары бар лифт үзіліп кетті. Бұл туралы астана ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Елордалық полицейлердің мәліметінше, 9 шілдеде Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт құлау дерегі бойынша шақыру түскен.
Тексеру жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процестік шешім шығады. Қазіргі уақытта лифт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.Күндізгі уақытта 31 жастағы ер адам 16 жастағы қарындасымен бірге лифтімен көтеріліп бара жатқанда, лифті құлап, қабаттар арасында лезде тоқтаған. Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар ауруханаға барудан бас тартты, - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.