Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

16 Маусым 2021, 17:59
3960
Бөлісу:
Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ақ халатты абзал жандармен кездесу өткізіп, жылы лебіздерін білдірді. «Адам жанының арашасы» атты кездесуге медицина саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлермен қатар, болашақ дәрігерлер де қатысты. 

Бүгінгі салтанатты шарада адам жанының арашасы болып, оларға ең үлкен сый – өмір сыйлап жүрген барлық медицина қызметкерін құттықтаймыз. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан заманауи талаптарға сай медициналық жүйе құра білді. Соның арқасында медициналық қызмет қолжетімді бола түсті. Бұған әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бар. Елбасы бастамасымен астанамызда медициналық кластер құрылды. Посткеңестік аумақтағы алғашқы кластер медицина саласына ғылымның соңғы жетістіктерін, аурухана менеджменті мен диагностиканың халықаралық талаптарын енгізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар әлемнің үздік университеттерімен бірлескен ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы әлем пандемия дәрігер мамандығының қаншалықты маңызды екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Медицина қызметкерлері күн сайын өз денсаулықтарын құрбан ете отырып, мыңдаған отандасының денсаулығы үшін күресті. Біз сіздердің бұл ерліктеріңізді құрмет тұтамыз, - деді Алексей Цой өзінің құттықтауында. 
Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та ақ халатты абзал жандардың еңбегіне жоғары баға берді. 

Медицина саласының қызметкерлері қысқа уақыттың ішінде көз алдымызда қаншама жандардың аяққа тұрып, әлемді жайлаған вирустан сауығып кетуіне үлес қосқанын көрдік. Дәрігер мамандығы қай кезде де құрметті болған. Ал пандемия жағдайы сіздердің еңбектеріңіздің ерен екенін дәлелдей түсті. Сіздердің алдарыңызда бас иеміз. Бұл сіздердің ел болашағына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз. Осы жолда көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың рухына тағзым етеміз, - деді ол. 
Ералы Лұқпанұлы коронавируспен күреске үлес қосқан 840 медицина қызметкерінің Мемлекет басшысының шешімімен «Халық алғысы» медалімен марапатталғанын, дертпен күреске тікелей атсалысқан қызметкерлерге 180 млрд теңгенің үстемақысы төленгенін және жалақыларының 30 пайызға артқанын атап өтті. 

Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат та құттықтады.

Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген мақаласында ұлт денсаулығының мемлекет саясаты мен ұлттық қауіпсіздіктің негізгі басымдығы, елдегі молшылықтың қажетті шарты екенін атап өткен болатын. Үстіміздегі жылдың сәуір айында денсаулық сақтау қызметкерлерін Дүниежүзілік денсаулық күнімен құттықтаған Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімді және тиімді тетіктерін құру – ұлттық басымдық екенін атап өтті. Сол іске үлес қосып, адам жанының арашасы болып жүрген абзал жандарды мерекелерімен құттықтаймыз, - деп атап өтті ол.
Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Кездесуге елге танымал медицина саласына үлес қосқан азаматтар қатысты. 

Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Олардың қатарында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Ақшолақов, «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Мейрам Баубеков бар.

Елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кеші өтті

Өзгелердің жаңалығы