Нұр-Сұлтанда жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің қатысуымен Абай күніне орай поэзия кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдейді.
Педагогтер Абайды еске алу, оның шығармашылық мұрасы туралы білімін арттыру, күмбірлеген домбыра үнін тыңдау үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас корпусының жанына жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Абай салған ізбенен» кешінің мақсаты – ақынның философиялық шығармаларын насихаттау.
Абай – әлемдік мәдениетке үлкен үлес қосқан ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, жазушы, композитор. Маған әсіресе «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі ұнайды. Бұл өлеңде жастық шақта алған білім – адамның адам болып қалыптасуының негізі деген идея жатыр. Бұл өскелең ұрпаққа тікелей өсиет, - дейді поэзия кешіне қатысушы Айгүл Тәжібаева.
Мұғалімдер Абай қазақ қоғамындағы жаңадан мектеп ашу, ғылымды тану, халықты ағарту және оның мәдениетін арттыру кезіндегі прогресін көрді деп есептейді.