Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
Жексенбі күні, 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді, - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.⠀
Сондай-ақ бетперде тағу режимін сақтау қажет. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.