Елордада 60-тан астам адам тамақтан жаппай уланып қалды

13 Маусым 2022, 14:02
1202
Бөлісу:
Елордада 60-тан астам адам тамақтан жаппай уланып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 64 адам тамақтан уланып, медициналық көмекке жүгінді. Нұр-Сұлтан қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінде 52 адам ауруханада ем алып жатыр. 

9 және 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына қаланың емдеу ұйымдарынан тағамнан улануды тіркеу туралы шұғыл хабарламалар келіп түсті. Барлық науқас өз ауруларын елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынумен байланыстырды. Бүгінде 64 науқас медициналық көмекке жүгінді, оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаториялық ем алып жатыр, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Жаппай тамақтан улануды тіркеу жағдайы бойынша Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Байқоңыр ауданының полиция басқармасына ақпарат жіберді. Келіп түскен ақпарат негізінде полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және  ҚК 304-бабының қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге қабылданды.

Байқоңыр ауданының басқармасы 2022 жылдың 10 маусымында қылмыстық іс аясында қоғамдық тамақтану объектісін жоспардан тыс тексеруді басталды.

Тексеру барысында келесі бұзушылықтар анықталды: объектінің мәлімделген жобалық қуатының нақты сәйкес келмеуі (50 ж. қ. дейін хабарлама берілді, іс жүзінде 50 ж. қ. астам), бүкіл технологиялық процесс ас үйдің бір бөлмесінде жүргізіледі, цехты бөлу (учаскелерге бөлу) қарастырылмаған, технологиялық процестердің ағымы сақталмайды, таңбалауға қойылатын талаптар сақталмайды, дайын тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын сақтау кезінде бөлшектеу мүкәммалын пайдалану және сақтау тауарлық көршілестік қағидаты сақталмайды, қызметкерлерді іріңді және жұқпалы аурулардың бар-жоғын тексеру журналы жүргізілмейді.

Тексеру барысында зертханалық зерттеулерге шайындылар, шикізат пен дайын өнімнің сынамалары алынды. Патогендік микрофлораның тасымалдауына кәсіпорынның 15 қызметкері тексерілді. Нәтижелері әлі дайын болмаған.

Айта кетейік, жоспардан тыс тексеру және эпидемияға қарсы іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр.  

Тамақтан улануды және жұқпалы емес ауруларды болдырмау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халыққа жосықсыз кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан азық-түлік өнімдері мен жарнамалық буклеттер бойынша дайын тағамдарды жеткізу қызметтерінен сатып алмауды және тиісінше оны пайдаланбауды ұсынады.     

Өзгелердің жаңалығы