Елордада 5 айда 100-ге жуық адам тамақтан уланды

13 Мамыр 2022, 16:50
1441
Бөлісу:
Елордада 5 айда 100-ге жуық адам тамақтан уланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Елена Гартман мәлімдеді. 

Жыл басынан бері елордада қоғамдық тамақтану объектілері бойынша тамақтан улану жағдайлары тіркелген. Нәтижесінде 72 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 3 бала зардап шекті. Сонымен қоса, ауа райының жылыну мерзіме сәйкес тағамды дұрыс сақтамау нәтижесінде тұрғындар арасында үй жағдайында тамақтан улану жағдайлары жиі тіркелуде, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Мамандардың айтуынша, тамақтан улану – 90-95% жағдайда қоздырғыштар және олардың токсиндерімен уланудан орын алуы мүмкін. Кейде микробтық емес сипаттағы улы заттармен ластанған тағамды тұтыну нәтижесінде де пайда болады. Басқаша айтқанда, тағамнан улану микробтық немесе микробтық емес болуы мүмкін.

Айта кетейік, тамақтан улану белгілерінің инкубациялық кезеңі 30 минуттан 24 сағат аралығында байқалуы мүмкін. Дегенмен, көп жағдайларда улану белгілері 2-6 сағат аралығында айқын көрініп жатады. Науқастың бойында жүрек айну, құсу, диарея (іш өту), әлсіздік, ұйқы қашу, асқазан немесе ішек ауруы, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер пайда болады. Жалпы сырқаттанудың кезеңі адам ағзасының жасына және жалпы жағдайына, бактериялардың немесе токсиндердің алуан түріне, қабылданған тамақ мөлшеріне байланысты. Ересектерге қарағанда кішкентай балаларда ауру ағымы  әлдеқайда ауыр түрде өтетінін атап өту қажет, - деді Елена Гартман. 

Өзгелердің жаңалығы