Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қарашаға қараған түні елорданың Момышұлы көшесінде үш көліктің қатысуымен жол апаты болды.
Оқи отырыңыз:
«Мерседес» көлігінің 20 жастағы жүргізушісі Момышұлы даңғылымен Жұмабаев көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп Kia және Lada көліктерімен соқтығысқан.
Дене жарақаттарымен жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia және Mercedes жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Соңғысы дәрігерлерді тексергеннен кейін босатылды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.