Елордада 2,2 мыңнан астам жұмысшы қар тазалауға шықты

Түнде коммуналдық қызмет мамандары елордадан сегіз мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлады BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 17 Ақпан 2024 2024, 16:06
17 Ақпан 2024 2024, 16:06
826
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Түнде коммуналдық қызмет мамандары елордадан сегіз мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлады BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың коммуналдық қызметі ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

17 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2,2 мыңнан астам жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі.

16 ақпаннан 17 ақпанға қараған түнде қаладан сегіз мың текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 600-ден астам рейс жасалды. Қыс басынан бері елордадан 344,5 мың рейс 4,7 млн текше метрге жуық қар шығарылды.

Наверх