Елордада 20 бағдарға қосымша автобус қосылады

22 Тамыз 2020, 18:07
1109
Бөлісу:
Елордада 20 бағдарға қосымша автобус қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамыздан бастап тағы 20 бағдарға қосымша автобус қосылады. № 2, 8, 9, 13, 17, 24, 28, 32, 34, 35, 37, 41, 47, 48, 56, 60, 61, 71, 80, 81 бағдарлары көбейтіледі.

Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
24 тамыздан бастап қосымша қалалық бағдарларға 49, ал қала маңына қатынайтын бағдарларға 67 автобус саны артады. Осылай олардың жалпы саны 781 болады. Автобустардың санын көбейту шешімі жолаушылар ағынын талдау негізінде қабылданды. Оның мақсаты – карантиндік шаралардың жұмсартылуына байланысты жолаушылар ағынын азайту, - делінген хабарламада. 

Оған дейін 23 бағдарға автобустар қосылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлік жұмысы кешкі сағат 22:00-ге дейін жалғасады.

Жолаушыларға автобус ішіне бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Барлық бағдарларда жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді. Балалар валидация жасау міндетті.

Өзгелердің жаңалығы