Елордада 12 752 адам экспресс тестілеуден өтті

24 Сәуір 2020, 13:41
1541
Бөлісу:
Елордада 12 752 адам экспресс тестілеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9 сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу жүргізіле бастады. Оны 12 752 адам тапсырған.

Бұл жайында  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн баспасөз конференцияда атап өтті.
41 мың экспресс  тест полиция, медицина, Ұлттық ұлан және коммуналдық қызмет жұмысшыларына үлестірілді.  Бұл іс шаралардың барлығы коронавирус індетін дер кезінде анықтауға үлкен септігін тигізеді, - деді әкім орынбасары. 
Сонымен қатар, брифинг барысында №2 қалалық емхананың толығымен тәуліктік режимде жұмыс істеп жатқандығы айтылды. 
Елордадағы №2 қалалық емхана толығымен тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Ол жерде тұмау белгілерімен келген науқастарды қабылдап, арнайы зертханалық диагностикадан өткізеді. Әрбір учаске бойынша білікті мамандар кезекшілікке  қойылған. Кез-келген тұрғын коронавирус індетінің белгілерін байқаса бірден емханаға барып тексерулерін сұраймыз, - деді спикер. 

Бақтияр Мәкен коронавирус індетімен күресте қызмет етіп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлері арнайы қонақүйлерде тұрып жатқандығын айтты. Олар күнделікті тамақтандырылып, арнайы көлікпен жеткізіледі.

Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас індеттен көз жұмды.



Өзгелердің жаңалығы