Елорда тұрғыны жоғалтқан 700 мың теңгесі бар әмиянын қайтарып алды

21 Желтоқсан 2020, 12:28
2259
Бөлісу:
Елорда тұрғыны жоғалтқан 700 мың теңгесі бар әмиянын қайтарып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда тұрғыны Ольга Сайбель дәмхананың маңайында жоғалтқан 700 мың теңгесі бар әмиянын қайтарып алды.

Елорда тұрғыны Ольга Сайбель отбасымен Қостанайға бара жатқанда жол бойындағы дәмхананың жанына тоқтап, 700 мың теңгесі бар әмиянын ұмытып кеткен. Облыстағы Сарыкөл және Алтынсарин аудандарының полицейлері жедел әрекет етіп, әмиянды алған тұрғынды анықтаған. Кейінірек белгілі болғандай, кафенің жанына тоқтаған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі жердегі әмиянды тауып алып, 90 шақырымнан астам жерге кетіп үлгерген. Бірақ оны Алтынсарин ауданының полицейлері санитарлық бекетте тоқтатқан, - дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, Әмиян иесі жұбайымен бірге жергілікті полиция бөліміне хат жолдап, қызметкерлерге жеделдік пен кәсібилігі үшін алғыс білдірген.

Өзгелердің жаңалығы