Елорда тұрғындары мен қонақтары отшашуды тамашалауға жиналуда

3 Шілде 2024, 21:48
370
Бөлісу:
Елорда тұрғындары мен қонақтары отшашуды тамашалауға жиналуда
Фото: gov.kz

Астана күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында ұйымдастырылған отшашу ұйымдастырылған. Қала халқы мен қонақтары Ботаникалық бақ аумағына жиналуда.

Отшашуға байланысты Ботаникалық бақ аумағы ішінара жабылды. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет.

Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде «Ұлытау» скверінің аумағынан байқауға болады. Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған болатын.

Сонымен қатар, ауа райына байланысты отшашу ертерек басталуы мүмкін екендігі хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы