Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Астана опера» театрында әлемдік музыканың көрнекті өкілі, венгер композиторы - Бела Бартоктың 140 жылдық мерейтойына арналған «Под знаком Белы Бартока» атты концерттер сериясын жалғастырды.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев.
Бағдарламада Бела Барток камералық музыканың жауһарынан басқа, осы жанрдың негізін қалаушы, ұлы веналық классик - Джозеф Гайдннің ішекті квартеті және қазіргі қазақ композиторы - Сәтжан Шәменов шығармасының премьерасыда өтті.
Көрерменге керемет классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінде өнер көрсеткен бірінші скрипкада - Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада - Алексей Лебедев, виолада - Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев сиқырлы кештің сәнін кіргізіп, әлемдік музыка жауhарларының керемет шығармалары елорда төрінде тағы бір мәрте ойнады.