Елорда тұрғындары дәрі-дәрмек бағасын QR-код арқылы тексере алады

19 Тамыз 2020, 13:18
1915
Бөлісу:
Елорда тұрғындары дәрі-дәрмек бағасын QR-код арқылы тексере алады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді елорда тұрғындары дәрі-дәрмек бағасын QR-код арқылы тексере алады. Бүгін "Астана – адалдық алаңы" мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қызметкерлері дәріханаларға QR-код бар нұсқаулықтарды ілді. 

QR-кодқа телефоныңызды тақап, бірден Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дәрі-дәрмек бағасының тізіміне өте аласыз. Сол жерден өзіңізге қажетті дәрінің бағасын дәріханадағымен салыстыруыңызға болады.

 

кр.jpg



 

Бұл кодтар не үшін қажет? Ең алдымен, тұрғындар дәрі-дәрмек бағасын білуі тиіс, оны қымбатқа сатып алуға мәжбүр емес. Өкінішке орай, оны көбі білмейді, минстрліктің бекіткен бағасы бар екені жөнінде хабарсыз. DariKz мобильдік қосымшасына көп адам кіре бермейді. Ал код арқылы бағаны білу өте оңай. Екіншіден, қоғамның сергектігі керек, тұрғындардың көмегімен заңсыз әрекеттердің алдын аламыз. Егер баға тізімдегі шектік бағадан асып кетсе, антикоррупциялық қызмет органдарына немесе "Астана - адалдық алаңына" хабарласу қажет. Нұсқаулықта барлығы жазылған. Дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргендерге 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты, "Астана - адалдық алаңының" жетекшісі Мирас Шекенов. 

шекен.jpeg



 

БИР2.jpg



Коды бар нұсқаулықтарды жабыстыруға астаналық ерікті  жастар да тартылды. Нұсқаулықта байланыс телефондарымен қатар, кодты пайдалану жолдары туралы ақпарат берілген. QR-кодпен қамтамасыз ету "Гиппократ" және "Europharma" дәріханалар желісінен басталды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, елорданың өзге де ірілі-ұсақты дәріханаларының барлығында код болады.

 

кур2.jpeg



 

БИР3.jpg


 

Осы күнге дейін антикоррупциялық қызмет пен "Астана - адалдық алаңы" қызметкерлері қаланың көптеген дәріханаларына мониторинг жүргізіп, дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргендер мен оны бар бола тұра, сатылымға шығармай, қолдан тапшылық жасағандарды анықтады. Тұрғындар тарапынан дәріханаға қатысты 60-тан астам шағым келіп түсті. Олардың барлығын тексеріп, 13 дәріхана иесіне айыппұл салынды. Біреуі әкімшілік жазаға тартылды. Маусым, шілде айында болған дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алумен министрлік айналысуда. Ал сіз болып, біз болып оның дәріханаларда негізсіз қымбаттамауына атсалыса аламыз. Дәріханаларды әлі күнге дейін тексерудеміз. Күніне жоқ дегенде төрт дәріхана тексеріледі. Бүгінгі күні дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ деп сеніммен айта аламын, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева. 

жылкы.jpeg



 Дәрі-дәрмек тапшылығының жойылғандығын қала тұрғындары да байқаған. Олардың бірнешеуін сөзге тартып көрдік. Айтуларынша, осыдан бір ай бұрын болған дүрбелең мен кезек қазір жоқ.

 

кр1.jpg



 

БИР4.jpg


 

Дәріханаға жиі келемін. Жасы келген адаммын, қабылдайтын дәрі-дәрмектерім көп. Осыдан бір ай бұрын соларды алу маған мұң болатын. Өйткені кезекте ұзақ тұрып қалсам, ауырып қалам деп қорықтым. Қай аптекаға барсаң да адам қарасы мол еді. Қазір жағдай тұрақталған сияқты. Күні кеше өзіме қажетті дәрілермен қатар, ел жоқ деп айтып жүрген аспирин мен парацетамолды қиындықсыз сатып алдым, - дейді Гауһар Батырғожина.
 

кур3.jpeg



 

БИР5.jpg



 

БИР6.jpg




 

Өзгелердің жаңалығы