Елорданың прокуроры тұрғындармен кездесті

13 Қыркүйек 2019, 22:53
1937
Бөлісу:
Елорданың прокуроры тұрғындармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров «Халық кеңсесі» қағидасы бойынша астана тұрғындарын жеке қабылдауды өткізді.

Жеке қабылдау «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының ғимаратында прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік кірістер, әділет департаменттерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылырының қатысуымен өткізілді.

Аталған іс-шара Мемлекет Басшысының Жолдауындағы мемлекеттік органдарының ашықтығы және адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару туралы мақсаттарды орындау бойынша ұйымдастырылды. 

Жеке қабылдау тұрғындардың сұрақтарын бір алаңда уәкілетті органдар бірлесе отырып жан-жақты қарау және әр азаматтың мәселелерін шешумен ерекшеленді. 

Барлығы 66 адам қабылданды.

Қосымша анықтауды қажет ететін арыздардың қаралуы бірінші басшылардың бақылауына алынып, 28 азаматтың сұрақтарына сол жерде жауап берілді.

Аталған іс-шараны жүйелі түрде өткізу жоспарланды.

Өзгелердің жаңалығы