Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

6 Наурыз 2022, 01:48
1637
Бөлісу:
Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полициясы жүргізушілерді ауа райының күрт өзгеруіне байланысты аса сақ болуға шақырды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қалада жаңбыр жауып, арты қарға ұласып жатыр. Осыған байланысты жүргізушілерді жолда аса сақ болып, жылдамдық режимін сақтау керектігін және жылдам жүріп келе жатып күрт тоқтауға болмайтынын еске саламыз. Жолда полиция қызметкерлерінің талаптарына мұқият болыңыздар!. Бүгінгідей ауа райында алыс жолға шықпауға, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалана тұруға кеңес береміз, – делінген полицияның хабарламасында.

Полиция таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін таң атқалы бері қала жолдарында 71 көлік апаты болған.

Сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілердің де қатаң сақтағаны дұрыс. Жолдан тек арнайы белгілері бар жерден ғана өтуге тырысыңыздар, сондай-ақ жолдан өтер кезде құлаққапты шешіп, телефонмен әңгімені де тоқтатқан жөн, – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне қарасты Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Шүпеков.

Өзгелердің жаңалығы