Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылы мезгілдердің басталуы мен терезелерді ашу маусымына байланысты ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі туралы ескертеміз. Өткен жылы астанада балалардың терезеден құлауы бойынша 30-ға жуық оқиға орын алды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жергілікті полиция қызметінде белгілі болғандай, көптеген жазатайым оқиғалар ересектер үйінде жоқ кезде немесе олардың бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауынан орын алады. Терезеден құлау - балалардың жарақаттануының негізгі себептерінің бірі."Өткен жылы астанада балалардың терезеден құлауы бойынша 30-ға жуық оқиға орын алды», – деп мәлімдеді ведомствода.
Осыған байланысты полиция Департаменті кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына келесі кеңестерді ұсынады.
«Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады. Кішкентай балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыз; балаңыз терезе алдына өз бетімен көтеріле алмайтындай жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынан алып тастаңыз; балаңыз терезені өз бетімен аша алмайтындай, арнайы бекіткіштерді терезелерге орнатыңыз. Есіңізде болсын! Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті», – дейді полицейлер.