Елорда мешіттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

17 Наурыз 2020, 00:25
1480
Бөлісу:
Елорда мешіттерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңда коронавирус қатерінің күллі адамзат баласына үрей туғызып отырғаны жасырын емес. 

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын. 

Қазіргі таңда құлшылық ордаларына жиналатын жамағат санының көптігі баса ескеріліп, тазалық пен қауіпсіздік шаралары қатаң қадағаланып, алдын алу жұмыстары күшейтіліп келеді.

Аталған талап аясында бүгін республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінде арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, құлшылық ордасының көптеген жерлеріне медициналық тазартқыш сұйықтықтар орнатылды. Атап айтқанда, қызметтік бөлмелер мен төменгі қабаттағы діни заттар дүкеніне, дәретхана мен асхана аумақтарына аталмыш сұйықтық құрылғылары қойылып, келуші жамағатқа да тазалық сақтау талаптары таныстырылуда. Коронавирус дертінен қорғану үшін сақталуы қажет болған гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар ұсынылып отыр.

Еліміздің бас мешітінен басталған залалсыздандыру шарасы қазіргі уақытта елордамыздағы барлық мешітте жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы