Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мен Қарағандыда қатты бұрқасын салдарынан оқушылар сабақты қашықтан оқиды.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 15 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына көшетінін хабарлады.
Ұқсас жағдай Қарағанды.
15.02.2022 ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады,-деп хабарлады қалалық білім бөлімі.