Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі қаладағы біраз көшенің атауын ауыстыру туралы Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатының шешіміне сай қаулы шығарды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ - делінген хабарламада.
1. Мыналарға:
Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:
жобалық атауы А21 көшеге – Ұзақбай Құлымбетов көшесі;
жобалық атауы № 231 көшеге – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;
жобалық атауы № 23-14 көшеге – Мақтай Сағдиев көшесі;
жобалық атауы А22 көшеге – Кәмен Оразалин көшесі;
жобалық атауы А98 көшеге – Аманжол Бөлекпаев көшесі;
жобалық атауы № 23-7 көшеге – Бәйкен Әшімов көшесі;
жобалық атауы А25 көшеге – Кеңшілік Мырзабеков көшесі;
жобалық атауы А26 көшеге – Нығмет Нұрмақов көшесі;
жобалық атауы № 23-6 көшеге – Рахманқұл Бердібай көшесі;
жобалық атауы А36 көшеге – Салық Зиманов көшесі;
жобалық атауы № 23-30 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
жобалық атауы Е755 көшеге – Әнет баба көшесі;
жобалық атауы Е16 көшеге – Жұбан Молдағалиев көшесі;
жобалық атауы Е22 көшеге – Роза Бағланова көшесі;
жобалық атауы Е574 көшеге – Бердіқожа батыр көшесі;
жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерді біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;
Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі деп атау берілсін.
2. Мыналар:
Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:
Жұмабек Тәшенов көшесі – Жұмабек Тәшенев көшесі;
Павлик Морозов орамы – Сейхун орамы;
Ленинградский орамы – Төрткүл орамы;
Жұмабек Тәшенов орамы – Жұмабек Тәшенев орамы;
Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ырғайлы орамы;
Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ақжарма орамы;
Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі – Шоқпартас орамы;
Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шилісай орамы;
Ағадыр көшесінің № 8Б үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шеңгелді орамы;
Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Қарғалы орамы;
Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Үңгіртас орамы;
Ақшағыл көшесінің № 15/2 үйден басталып, Кеншілер көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Тұздыкөл орамы;
Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Түрген орамы;
Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Текелі орамы;
Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Тастөбе орамы;
Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Талдыбұлақ орамы;
Қызылжар орамының Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі – Өлеңдісай орамы;
Тасқұдық орамының № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ойқарағай орамы;
Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жиренкөл орамы;
Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:
Ильинка тұрғын алабы және Үркер шағын ауданы – Үркер тұрғын алабы;
Новый аэропорт көшесі – Жаңадария көшесі;
Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп, Сығанақ көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:
Пионерская көшесі – Талшын көшесі;
Проезд-52 көшесі – Ақтоғай көшесі;
Мостопоезд-463 көшесі – Жартас көшесі;
Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі – Қатонқарағай көшесі;
Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталсын.