Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

5 Ақпан 2020, 19:25
1464
Бөлісу:
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.

Тұрғындар кездесу барысында - әлеуметтік көмек алу, қаладағы бітпеген құрылыстардың аяқталу мерзімі және т.б. мәселелер көтерді.

Азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Былтыр аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігі 11 мыңнан астам адам қабылдады. 3 ауданның әкімдігінде “бір терезе” негізінде бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсететін "Open Akimat" ашылды.

Сонымен бірге, азаматтарды қабылдау "Жанұя" орталығында да жүреді. 8 ақпан күні (сенбі) орталықта ашық есік күні өтеді.


Өзгелердің жаңалығы