Елорда әкімі аулаларды абаттандыру туралы айтты

12 Қыркүйек 2020, 22:44
1694
Бөлісу:
Елорда әкімі аулаларды абаттандыру туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы бірқатар аулалар мен қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ауқымды жаңғырту жұмыстарымен айналысып жатырмыз: апатты ескі үйлерді сүріп, қолжетімді тұрғын үй, білім беру, медицина нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді (су құбыры, электр, кәріз) саламыз. Қала аудандарын абаттандырып, көгалдандырамыз. Бүгін кешкілік аралау барысында Сарыарқа ауданындағы бірқатар аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің құрылыс барысымен таныстым. Желтоқсан, Есенберлин, Жангелдин, Сейфуллин көшелері мен Бейбітшілік даңғылы бәріне таныс, олар қаланың оң жағалауында орналасқан. Ерекше атмосферасы бар. Аудан жайлы болуы үшін бос жерлер, қараусыз қалған учаскелер, бұзылған авариялық үйлердің аумақтары абаттандырылып, тартылыс орындарына айналды. Халық санының өсуін ескере отырып, ірі габаритті аулалар, скверлер мен бульварлар құрылысына көштік. Халық тығыз орналасқан шағын аудандарды аулалармен, бульварлармен және алаңдармен қоршаймыз, яғни аулалары жақын орналасқан бірнеше тұрғын үй кешендерін абаттандырамыз, – деді Көлгінов.

Қала әкімінің айтуынша, Желтоқсан көшесі, 2 үйінің тұрғындары есеп беру кездесуінде ауланы абаттандыру мәселесін көтерген. Оны "қатысу бюджеті" бағдарламасы бойынша абаттандырылып, тұрғындар аудан әкімдіктеріне өтінім беріп, аула көрінісін ұсынады: қандай аймақтар салу қажет, қандай спорт алаңы қажет және т.б. бірқатар басқа мәселелер шешілген.

Есенберлин көшесінде жаттығу және ойын алаңдарынан басқа, баскетбол мен футбол ойнауға арналған үлкен алаңдар ашылды. Балалар өздерін кәсіби футболшылар мен баскетболшылар сияқты сезінеді. Биыл абаттандырылған аула саны - 150, барлығы дерлік пайдалануға берілді. Олардың көпшілігі қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Тұрғындармен аралау кезінде басқа да бірқатар маңызды мәселелерді талқылаймыз, мысалы, "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша аулаішілік аумақтарда камералар орнатамыз, бұл тәжірибе көрсетіп отырғандай, қауіпсіздік деңгейін арттырады. Сонымен қатар, жедел қызмет машиналары тұрғын үй аумағына кедергісіз кіру үшін "ақылды шлагбаумдар" атты жаңа жоба іске қосылды, – деп жазды Алтай Көлгінов.
Өзгелердің жаңалығы