Елорда көшелері 6 сәуірге дейін залалсыздандырылады

31 Наурыз 2020, 05:17
1470
Бөлісу:
Елорда көшелері 6 сәуірге дейін залалсыздандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  6 сәуірге дейін елорда көшелері сағат 20:00-ден 06:00-ге дейін залалсыздандырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Әкімдік коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында қала тұрғындарын кешкі және түнгі уақытта көшеге шықпай, үйде болуға шақыруда.
30 наурыз – 6 сәуір аралығы, сағат 20:00-ден 06:00-ға дейін коммуналдық қызметтер көшелер мен аулаларда, қоғамдық орындарда залалсыздандыру шараларын жүргізеді. Аталмыш шаралардың тиімділігі үшін төтенше жағдай режимі күшейтілген кезеңде сағат 20:00-ден кейін үйден шықпауларыңызды сұраймыз, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жедел штабының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы