Елордада індет жұқтырғандардың 40%-ы 18 бен 30 жас арасындағы жастар

23 Мамыр 2020, 17:57
1485
Бөлісу:
Елордада індет жұқтырғандардың 40%-ы 18 бен 30 жас арасындағы жастар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин режимі жеңілдемейді, тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Қаланың периметрі бойынша блок бекеттер жұмысын жалғастыра береді.

Қаланы патрульдеу, кәсіпорындардың санитарлық нормаларды сақтауы, халық арасында түсіндірме жүргізуге полицейлердің барлық құрамы жұмылдырылды. Дәрігерлер мен волонтерлер және т.б. күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес бойынша жиын өткізді. 

Карантин режимі жеңілдегеннен кейін қазір көшелерде адам көп. Күн сайын жүргізіліп жатқан рейд қатаң санитарлық нормаларды сақтау қажетін көрсетіп отыр: санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 26 нысан жабылды, олар құрылыс компаниялары, дәмханалар мен мейрамханалар, қонақүйлер және т.б.150-ден астам кәсіпорын ескерту алып, кейбіріне айыппұл салынды. Рейд кезінде саябақтар мен гүлзарларда адамдар топтанып, маскасыз жүретіні анықталды. Осының бәрі инфекцияның тез таралуына әкелуі мүмкін. Дәрігерлерге вирусты дер кезінде анықтап, індет ошағын жою қиын болады. Осыған орай полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, халыққа түсіндірмені күшейтіп, қызметі рұқсат етілген компаниялар жұмысына күндетікті мониторинг жүргізуі тиіс. Санитарлық нормаларды бұзған нысандар жабылады. Вирус жұқтыру қаупі әлі бар, сондықтан босаңсуға болмайды, - деді Алтай Көлгінов. 

Қала әкімі әркім өзінің және жақындарының денсаулығы үшін әлеуметтік жауапкершілік таныту керегін айтты. 

Өкінішке қарай, ауырғандардың 40%-ы 18 бен 30 жас арасындағы жастар, 36%-ы 30 дан 50-ге дейігі адамдар. Коронавирусқа әдеттегі тұмау деп қарамау керек. Бұл ауру санаулы күннің ішінде мықты әрі бұрын созылмалы аурулары болмаған адамның денсаулығын құрта алады. Тек өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық талаптарды ұдайы сақтау ғана – бұрынғы қалыпты өмірімізге тез жеткізетін және ең дұрыс жол - дед ол.
Өзгелердің жаңалығы