Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда дәмханасына ұрлыққа түскен жігіт видеокамераға түсіп қалған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Департамент мәліметінше, күдікті ұрлыққа түскен мекемесінде аспаз болып жұмыс істеп жүрген.
Кассада қомақты қаржы сақталып тұрғанын білген күдікті түнгі уақытта терезені сындырып, мекеме ішіне кірген. Кассалық аппаратты ашқан ол ішіндегі 1,5 млн теңгені жымқырып, бірден ізін суытқан, - деп мәлімдеді департаменттен.
Кейіннен ол өз пәтерінде қолға түскен.
Ұрланған қаржы иесіне қайтарылды. Қылмыскер Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінде.