Елордада 50-ден астам нысан "Жер сағаты" акциясына қатысты
Елордада 50-ден астам нысан "Жер сағаты" акциясына қатысты
Акция барысында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін елорданың бірқатар сәулеттік нысандарының сыртқы жарықтандыруы уақытша сөндірілді.
Астана қаласы «Жер сағаты» жаһандық экологиялық акциясына қатысты. Биылғы іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Акция барысында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін елорданың бірқатар сәулеттік нысандарының сыртқы жарықтандыруы уақытша сөндірілді. Қалада 50-ден астам нысан экологиялық акцияны қолдады.
Елордада акцияға қатысқан нысандар:
Астана қаласының әкімдігі (Бейбітшілік көшесі, 11);
Әкімшілік ғимарат (Бейбітшілік көшесі, 9);
Мемлекеттік басқару академиясы (Абай көшесі, 33а);
Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония (Кенесары көшесі, 32);
Сарыарқа ауданының әкімдігі;
«Арман» тұрғын үй кешені (Жеңіс даңғылы, 1);
«Radisson Hotel Astana» (Сарыарқа даңғылы, 4);
«Riverside Apartments» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 8);
«Park Inn by Radisson» қонақ үйі (Сарыарқа даңғылы, 8а);
«Симфония» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 1);
«Сана» тұрғын үй кешені (Шевченко көшесі, 8/1);
«Болашақ» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 3);
«Эдель» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5);
«Эдель-1» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 5/1);
«Кенесары» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 11);
«Capital» бизнес орталығы (Сарыарқа даңғылы, 12);
Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 14);
№15 мектеп-лицей (Сарыарқа даңғылы, 20);
«Асату» мейрамханасы (Сарыарқа даңғылы, 22);
«Іскер» бизнес орталығы (Абай көшесі, 13);
«Бурлин» тұрғын үй кешені (Сарыарқа даңғылы, 15);
Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 17);
Тұрғын үй (Сарыарқа даңғылы, 19);
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Сарыарқа даңғылы, 38);
Жатақхана (Сарыарқа даңғылы, 42);
«Свечки» тұрғын үй кешені (Бөгенбай батыр көшесі, 30, 32);
Сейфуллин көшесіндегі 10 нысан;
Қосшығұлұлы көшесіндегі 10 нысан;
Есіл өзенінің жағалауындағы 27 нысан;
Мәңгілік ел даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің сәндік жарығын өшіру;
«Бәйтерек» монументі;
«Астана Арена» стадионы (Тұран даңғылы, 48);
«Алау» мұз сарайы (Қабанбай батыр даңғылы, 48);
«Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы (Тұран даңғылы, 57);
«ҚазМұнайГаз» АҚ (Қабанбай батыр даңғылы, 36);
Тәуелсіздік даңғылы, 48;
Тәуелсіздік даңғылы, 50;
Тәуелсіздік даңғылы, 52;
Тәуелсіздік даңғылы, 54;
«Қазақ елі» алаңы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі;
«Әзірет Сұлтан» мешіті;
Тәуелсіздік сарайы;
Бейбітшілік және келісім сарайы;
Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті;
Достық үйі;
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы;
«Толқын» спорт кешені;
Теміржолшылар тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
Кенесары көшесі бойындағы үйлер (42, 44, 46, 51, 52, 65, 69).
Айта кетейік, «Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өтетін халықаралық акция. Оның басты мақсаты – табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға қоғам назарын аудару. Жыл сайын бұл бастамаға әлемнің 180-нен астам еліндегі миллиондаған адам қатысады.
Іс-шараны «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ және Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.