Елорда әуежайында IPHONE 14 смартфондарын алып өтпек болған адам ұсталды

23 Қыркүйек 2022, 19:46
1260
Бөлісу:
Елорда әуежайында IPHONE 14 смартфондарын алып өтпек болған адам ұсталды
VIDEO

Астана әуежайынан IPHONE 14 PRO телефондарын алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлады BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Әуежай-Астана» кеден бекетінде Дубайдан келе жатқан халықаралық әуе рейсі жолаушыларын кедендік бақылаудан өтуі кезінде кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сатылымға шығарылмаған, декларацияланбаған IPHONE 14 PRO маркалы ұялы телефондарының 11 данасын әкелу әрекетінің жолын кесті.

ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығын сәйкес жеке тұлғалар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларды жеке пайдалану үшін ұялы телефондар – 1 адамға 2 бірліктен аспауы тиіс.

Ұсталған ұялы телефондар кедендік тазартудан өту үшін уақытша сақтау қоймасына орналастырылады.

Өзгелердің жаңалығы