Елорда әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

5 Желтоқсан 2022, 12:41
1162
Бөлісу:
Елорда әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды

Елорда әуежайына ұшып келетін де ұшып кететін де бірнеше рейс уақытынан кешіктіріледі, деп хабарлады BAQ.KZ.

Әуежайдың ресми сайтындағы онлайн-табло деректеріне сәйкес, бүгін елордағы ұшып келетін Петропавл, Қостанай (2 рейс), Талдықорған, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Пхукет, Ереван бағытындағы ұшақтардың кешігетіндігі көрсетілген. Сондай-ақ Алматыдан келуі тиіс 4 рейс (Air Astana әуе компаниясының 3, FlyArystan әуе компаниясының 1 рейсі) тоқтатылған.

Ал Астанадан Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Ереван, Пхукет бағытына да ұшақтардың қашан ұшып шығатыны белгісіз.

Онлайн-таблода Алматы бағытында да 4 рейстің (Air Astana әуе компаниясының 3, FlyArystan әуе компаниясының 1 рейсі) тоқтатылғаны көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы