Нұр-Сұлтан әкімі жаңа мектептің құрылысымен танысты

21 Тамыз 2019, 16:07
1643
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан әкімі жаңа мектептің құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов Амангелді Иманов пен Евгений Брусиловский көшелерінің қиылысындағы мектепке барды. Қазір оқу орнында ішкі әрлеу, батарея орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.

Кабинеттер мен асханаларға арналған жиһаз, спорт жабдықтары сатып алынды. Сумен жабдықтауға және электр энергиясына қосылуға рұқсат бар. Тек жұмыс қарқыны баяу жүріп жатыр. Елорда әкімі Алтай Көлгінов оқу жылының басында мектеп ашылуға дайын болуы керек деп атап өтті.

"Оқу жылының басталуына тоғыз күн қалды. Сіздің жұмысыңыз әлі де орындалмаған. Мектеп ауласы абаттандырылмаған, су мен жарық өткізілмеген. Жаңа мектептерді бір жылдан кейін күрделі жөндеу жүргізуге тура келмейтіндей етіп салу керек. Қазіргі таңда ескі мектептер жаңалары сияқты жөндеуді қажет етпейді. Шатырға ерекше көңіл бөліңіз. Жаңбыр маусымы басталады. Оқу орнында балалар өздерін қауіпсіз және жайлы сезінуі тиіс", - деді Алтай Көлгінов.

Мектеп жаңа оқу жылы ашылуы тиіс. Мекеме 900 орынға есептелген. Елордада осы оқу жылында 3 жаңа мектеп пен 5 қосымша құрылыс ашылады. Елорда әкімі Өткен аптада "Мичурин"тұрғын алабында орналасқан мектепке барды. Ашылу екінші тоқсанда жоспарланып отыр. Жинақы құрылыс бойынша кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 37 жаңа мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, инвесторлар елордада 11 жеке меншік мектеп салуға мүдделі. Инвестиция сомасы 27,6 млрд теңгені құрайды.
Өзгелердің жаңалығы