Елордаға кезекті дәрі-дәрмек партиясы ұшақпен жеткізілді

19 Шілде 2020, 14:31
1504
Бөлісу:
Елордаға кезекті дәрі-дәрмек партиясы ұшақпен жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілденің 18-нен 19-на қараған түні елордаға жүк ұшағымен Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек партиясы жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жүктің жалпы салмағы 22 тоннадан асады. Жеткізілген партияда ингавирин, парацетамол, эргоферон, сумамед, цефтриаксон, левофлаксацин, кардиомагнил және т. б. дәрілер бар. Бұл гуманитарлық көмек жүгі емес, оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алады.
Әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін қаражат бөліп, тасымалдауға көмектеседі. Дистрибьюторлар жүкті тексеріп болған соң, дәрі-дәрмектер қоймаларға, дәріханалардың ірі желілеріне 1-2 күн ішінде түсетінін атап өтті. Тек осы аптаның өзінде қалаға 75 тоннадан астам дәрі әкелінді, - делінген ақпаратта.

Бүгін-ертең тағы бір дәрі-дәрмек партиясы күтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қалаға дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізу тұрақты түрде жүргізіледі.


Өзгелердің жаңалығы