Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елнұр Бейсенбаев президент өкілеттігін шектеуге қатысты нормаларға тоқталды

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 19:40
110
Бөлісу:
 parlam.kz
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Ата заңның жаңа жобасындағы биліктің монополиялануына жол бермейтін нормаларға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол мысал ретінде 43-баптың 1-тармағында көрсетілген президент жеті жылдық мерзімге бір рет сайланатынын атады.

Ал 43-баптың 5-тармағында: “осы баптың 1-тармағының ережелері өзгермейді” деп нақты көрсетілген. Осылайша, “мәңгілік билік” туралы әңгімеге нүкте қойылады, - деді депутат.

Бейсенбаев осындай бір мерзімдік шектеу Конституциялық сот судьяларына, жоғарғы сот төрағасына және бас прокурорға да белгіленгенін айтты.

Бұл – халық алдындағы жауапкершілік пен әділеттілік принциптерінің мызғымастығын білдіреді, – деді ол.

Сондай-ақ депутат 45-баптың 3-тармағындағы президенттің жақын туыстары саяси немесе басқару лауазымдарын атқара алмайтыны көрсетілген нормаға да тоқталды.

Дамыған елдерде де президенттің туыстары кейде жоғары лауазымдарға келгенін көреміз. Мұндай мысалдар әлемде де, посткеңестік елдерде де кездеседі. Біз өткенді жоққа шығармаймыз, бірақ одан сабақ аламыз. Қазақстан мемлекеттік қызметті отбасы мүддесіне айналдыруға жол бермейтін нақты ережелер енгізіп жатыр. Бұл шешімді біз 2022 жылғы референдумда қабылдадық және жаңа Конституция жобасында оны тағы да бекітеміз, – деді мәжілісмен.

Өзгелердің жаңалығы