Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады

5 Ақпан 2019, 16:16
2553
Бөлісу:
Элизабет Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатына» қатысады

Астана, BAQ.KZ. Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталады. Америка, Азия, Африка, Австралия мен Тынық мұхиты аймағының спортшылары арасындағы ірі бәсекеден қазақстандықтар да сырт қалмайды деп жазады Olympic.kz.

5-10 ақпан аралығында өтетін чемпионатқа Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манько қатысады. 

Элизабет Тұрсынбаева турнирге дайындық кезеңін Мәскеуде, бапкері Этери Тутберидзенің қол астында өткізді. Анахайм айдынында біздің спортшы кіл мықтылармен бірге сынға түспек. Атап айтар болсақ, Гран-при турнирлерінің жеңімпазы, жапондық Рика Кихира, Маи Миахара, Каори Сакомото, сондай-ақ, Канаданың екі дүркін чемпионы Ален Шартрандар чемпионатта бақ сынайды. 

«Төрт құрлық чемпионаты» аяқталған соң, Тұрсынбаева Ресейде өтетін Универсиада ойындары мен Жапониядағы әлем чемпионатына қатысады. 

Ерлер арасында Никита Манько аталған турнирге алғаш рет қатысқалы отыр. 

Әйелдер бәсекесі 7 ақпанға, ерлер додасы 9 ақпанға жоспарланған. 

Былтырғы маусымда «Төрт құрлық чемпионатын» әйелдер арасында жапониялық Каори Сакомота, ерлер арасында қытайлық Цзинь Боян жеңіп алған

Өзгелердің жаңалығы