Элизабет анасы үшін кешірім сұрады

26 Қыркүйек 2021, 22:24
11933
Бөлісу:
Элизабет анасы үшін кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Элизабет Тұрсынбаева анасы Падишахан Сұлтаналиеваның Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. 

Ол бұл туралы Instagram парақшасындағы сторисінде жазды.

Егер біреуді ренжітсе, анамның сөздері үшін кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, біз қазір бөлек тұрып жатырмыз: ол Мәскеуде, ал мен Қазақстандамын. Бар жағдайды бақыламадым. Ондай-ондай болып тұрады. Мен оны бәрібір жақсы көремін. Қазір ол артық айтқанына алаңдап отырған шығар, – деп жазды Элизабет Тұрсынбаева.

Ол анасын не ойлап тұрғанын айтатын ашық адам деп атады.

Біз бөлек тұлғамыз. Бәрін бірдей ойлап, бірдей сезіне алмаймыз. Әртүрлі ойлаймыз.  …Ата-аналар әрқашан өз балаларына қолдау көрсетеді, әсіресе аналар, – деп жазды спортшы.

Спортшы Ұлттық Олимпиада комитетіне, Қызылорда облысының басшылығына және Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігіне өзінің кәсіби мансабы жолында көрсеткен қолдауы үшін тағы да алғысын білдірді.

Менде бәрі жақсы, мен үшін Қазақстанды әлемдік аренада таныту үлкен мәртебе болды, – деп жазды Тұрсынбаева.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның анасы Падишахан Сұлтаналиева Match TV арнасына сұхбат беріп, қызының Қазақстан атынан өнер көрсету туралы шешіміне өкінетінін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін спортшының үлкен спортпен қоштасқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы