Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізге тағы жолбарыстар әкелінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018 – 2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді. Еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді, – деді Нысанбаев.
Министр биыл күзде Іле-Балқаш резерватына Нидерландыдан 2 жолбарыс жерсіндірілгенін еске салды.
2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде. Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз, – дейді Экология министрі.