Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили келді.
Бұл туралы Үкіметттің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.
Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.