Елімізге қандай мамандар қажет?

2 Маусым 2023, 14:43
644
Бөлісу:
Елімізге қандай мамандар қажет?

2030 жылға дейін Қазақстанда 1,8 млн бос жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

LS жазуынша, 2030 жылға дейін жалдамалы қызметкерлерге жиынтық сұраныс 1,8 млн адамға бағаланады. Оның ішінде 48%-зы немесе 883 мыңы жаңа бос жұмыс орындарына, ал 52%-зы немесе 948 мыңы алмастыру бойынша келеді.

Экономиканың нақты секторында жаңа сұраныс 183 мың адамға тең болмақ, ал алмастыру бойынша – 331 мың адам, қызмет көрсету саласында жаңа бос жұмыс орындарына 705 мың адам және алмастыру бойынша 618 мың адам қажет болады.

Еңбек министрлігі мұны нақты сектордағы жалдамалы жұмысшылардың орташа жасы қызмет көрсету қызметкерлеріне қарағанда жоғары болуымен байланыстырады. Бұл зейнеткерлік жасқа жетуді жеделдетуге және өлім-жітім көрсеткіштерінің өсуіне әкелмек.

Ауыл шаруашылығында 91 мың жаңа жұмыс орны пайда болса, 84 мың адамды ауыстыруға тура келеді. Өнеркәсіпте 57 мың жаңа жұмыс орны, алмастыруға 179 мың бос жұмыс орны, құрылыста 98 мың жаңа орын және ауыстыру бойынша 68 мың, тауарларды тасымалдау және бөлу бойынша – 188 мың жаңа және ауыстыру бойынша 176 мың, бизнес-қызметтерде – 142 мың жаңа және ауыстыру бойынша 113 мың, Қоғамдық қызметтерде 292 мың жаңа және 286 мың – ауыстыру бойынша, басқа қызметтерде – 84 мың жаңа және ауыстыру бойынша 43 мың жұмыс орны.

Өзін-өзі жұмыспен қамтуға келетін болсақ, министрліктің мәліметінше, Қазақстанда жұмыспен қамтудың бұл түрі негізгі жұмысқа қосымша болып табылады.

Министрлікте фриланс пен платформалық жұмыспен қамту экономиканың жалпы жағдайына қатысты қызметтің тәуелді нысандары болып табылатынын атап өтті. Ел дамуының 2024-2028 жылдарға арналған болжамының базалық сценарийіне сәйкес, Қазақстан экономикасының нақты өсуінің орташа қарқыны 5,3%-ды құрайды. Бұл халықаралық сауданы, логистиканы жүргізудің жылдам өзгерістері мен жаңа негіздеріне тұрақты түрде бейімделу аясында болмақ. Еңбек министрлігі бұл көрсеткіштердің жақсаруына байланысты табыстың осы түрінің тартымдылығы артатынын алға тартты. Негізінен бұл жеке қызметтер секторы, көлік және қоймалау, сауда, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер саласын қамтымақ.

Айта кету керек, фрилансинг және олардағы жұмыспен қамтылғандардың едәуір бөлігіндегі платформалық жұмыспен қамту негізгі табыс емес, қосымша табыс құралы болып табылады. Осыған байланысты елде қазақстандықтардың фрилансқа және платформалық жұмыспен қамтуға көшуі бойынша айқын үрдіс байқалады деп айту қиын, - деп атап өтті еңбек министрлігінде.

Министрлікте осы себепті жақын арада жалдамалы жұмыспен қамту саласында қазақстандықтардың еркін еңбек қатынастарына кетуінен туындаған кадрлар тапшылығы күтілмейтінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың I тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,9 млн адам жұмыс істейтіндер (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,4%-зы). 2,1 млн адам өз бетінше жұмыс атқаратындар (экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,6%-зы).

Өзгелердің жаңалығы