Елімізге Pfizer екпесінің қосымша 1 млн дозасы әкелінеді

18 Қаңтар 2022, 18:17
1430
Бөлісу:
Елімізге Pfizer екпесінің қосымша 1 млн дозасы әкелінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Сонымен қатар ол америкалық вакцина қазіргі таңда қолжетімді екенін алға тартты.

Біз Pfizer вакцинасын 4 млн доза көлемінед сатып алдық. Қазір бұл екпе қолжетімді азаматтардың нақты санаты бар. Олар: 12 жастан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін ревакцинация үшін 60 жастан асқан адамдарға да мүмкіндік бердік, - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, елде 60 жастан асқан 1 млн-нан артық адам бар. Олардың барлығына Pfizer вакцинасы қолжетімді екендігін тағы да ескерткен Үкімет басшысының орынбасары басқа да вакцина түрлері бар екенін айтты.

Екпенің қолжетімділігі   күн тәртібіндегі мәселе емес. Одан басқа қосымша 1 млн доза (Pfizer – ред.) сатып аламыз, - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы