Елімізге Люксембург СІМ басшысы келеді

27 Маусым 2023, 03:45
552
Бөлісу:
Елімізге Люксембург СІМ басшысы келеді
Фото: ҚР СІМ

Қазақстанға Люксембург Ұлы Герцогтігінің Сыртқы және еуропалық істер министрі Жан Ассельборн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми сапар 29 маусымға жоспарланған.

Сапар барысында Ж. Ассельборн ел басшылығымен, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанмен, сондай-ақ экономикалық блок министрліктерінің басшылығымен кездесулер өткізеді. Кездесулерде тараптар Қазақстан – Люксембург ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.

Өзгелердің жаңалығы