Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы брифингте ДСМ Cанитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, көршілес Ресей елімен Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник лайт» препаратын елге жеткізу бойынша келісімшартты бастап кеткен.
Кеше ресейлік «Спутник лайт» вакцинасы елімізде екпелер қатарына тіркелді. Қазіргі таңда келісімшарт жүргізілуде. Бұл вакцина бір дозалы екпе. Мұны кез келген азамат елімізге келгеннен кейін салуға құқығы бар. Кейбір азаматтарымыз екі рет салғызғысы келмесе. Осы «Спутник лайт» вакцинасын алуға болады. Онымен қоса қашан жеткізіледі деген сұраққа жауап айтар болсам, әлі де келісімшарт жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта аталған препарат туралы ақпаратты кеңінен тарататын боламыз, – деді ол.
Сонымен қатар Ержан Байтанаев жаңадан тіркелген «Спутник лайт» вакцинасының қаншалықті тиімді екенін айтты.
Гамолеи атындағы ғылыми орталық жетекшісінің айтуы бойынша, вакцинаның тиімділігі 80 пайыз. Айтарлықтай кері әсері жоқ. Барлық вакцина секілді салдырғаннан кейін қызу көтерілуі және екпе орнының ауыруы мүмкін. Одан бөлек, екпеге нақты аллергиясы болса, салынбайтын болады. Жалпы, кері әсері сирек кездестіні айтылған, – дейді Ержан Байтанаев.