Елімізге 45-ке жуық шетелдік компания келеді – СІМ

6 Қыркүйек 2022, 16:36
1451
Бөлісу:
Елімізге 45-ке жуық шетелдік компания келеді – СІМ

Еліміз ресейлік нарықтан кетуге ниетті 300 компанияға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі экономикалық санкция жағдайында көптеген компания Ресейдегі нарықтан кететіндерін жариялағаны белгілі. Нақтырақ айтқанда, 20-дан астам елдің үш жүздей компаниясына біздің ел қызығушылық танытуда. Олардың басым көпшілігі, яғни 40-тан астам компания Германия мен АҚШ-қа тиесілі. Жуырда ғана біз ең бірінші америкалық Honeywell корпорациясының кеңсесін аштық. Ол Ресейден Алматыға көшірілді. Өндірісті аша алмаса да, кеңселерінің ашудың өзі маңызды, - деп атап өтті вице-министр елордада өткен Қазақстан-герман бизнес форумы барысында берген сұхбатында. 

Айтуынша, Қазақстан тарапы қызығушылық танытқан 300 компанияның 50-і біздің елімізге көшетін жоспарлары жоқтығын, жағдайдың қалай болатынын күтіп отырғандарын айтып, бірден жауап берген. Вице-министр олар алдағы 1-1,5 жыл ішінде өз шешімдерін қабылдайды деп сенеді. 

Қазіргі уақытта нақты 44 компаниямен уағдаластық. Олар кеңселерін немесе қызметкерлерін елімізге көшіру үстінде. Біз жыл сайын Германиядан 400-450 млн доллар тікелей инвестицияны қабылдаймыз. Инвестициялар құндылығы мұнай және газ саласына салынбайды. Ол толықтай ауыл шаруашылығы және өндіріске, ІТ саласына салынатын инвестициялар, - деді Алмас Айдаров. 

Өзгелердің жаңалығы