Елімізге 11 айда 16 мыңға жуық қандас келген

2 Қараша 2021, 10:30
1283
Бөлісу:
Елімізге 11 айда 16 мыңға жуық қандас келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан, 6,1% –Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден. Этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды, - делінген хабарламада.

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1% және зейнеткерлер - 16,8%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1%-ы жоғары білімді, 40,1%-ы орта кәсіби білімді, 45,5%-ы жалпы орта білімді және 3,4%-ының білімі жоқ.

Өзгелердің жаңалығы