Еліміздің жер қойнауы аукцион арқылы сатылды

19 Қараша 2021, 12:28
1875
Бөлісу:
Еліміздің жер қойнауы аукцион арқылы сатылды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков мәлімдеді.

Еліміздің мұнайлы шаһары Атырау қаласында жыл сайын өтетін «KAZNEFTEGAZSERVICE-2021» конференциясының барлық қатысушыларын қарсы алғаныма қуаныштымын. «KAZNEFTEGAZSERVICE» конференциясы Қазақстан Республикасының бүкіл мұнай кәсіпшілігінің сервистік саласының дамуына үлес қосатынына сенімдімін, - деді Жүребеков алғы сөзінде.

Жүребековтың атап өтуінше, Атырау облысы еліміздің ең дамыған өнеркәсіптік аймақтарының бірі.

Атырау өз ішінде ғана емес, жалпы республика экономикасының үздіксіз қарқынды өсуін қамтамасыз ететін шетелдік және ішкі капитал салымдары шоғырланған .Ол республиканың негізгі капиталына салынған барлық инвестициялардың 28%-дан астамын құрап отыр. Өткен жылғы пандемияға және төмен бағаларға қарамастан, мұнай-газ секторы әлі де бірқатар басым секторды, соның ішінде мұнай-химия, мұнай-газ машина жасау, құрылыс индустриясы және т.б. салаларды дамыту үшін экономиканың негізгі драйвері болып қалуда, -деді вице-министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде мұнай кәсіпшілік қызметтері нарығында 1000-нан астам әртүрлі компаниялар жұмыс істейді, олардың жалпы саны 170 мыңға жуық.

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі 5,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 20%-ға аз. Жергілікті қамту 50 пайызға жетті. 90-нан астам компания мұнай мен газ өндіретін болса, республикадағы жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутек шикізатын сатып алуының жалпы көлемінің 80 пайызын 3 ірі жоба – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ құрайтынын атап өткім келеді, -деді ол.

Вице-министр өз мәлімдемесінде, жаһандық экономиканың өсу қарқыны және инвесторлардың аймаққа қызығушылығының артуы іскерлік серіктестіктердің нығаюына ықпал етіп, бірлескен жобалар санының артуына сонымен қатар нарықта жаңа кәсіпорындардың, технологиялар мен қызметтердің пайда болуына алып келетінін айтты.

Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторы инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Осы аптада ҚМГ мен Лукойл арасында Хазар және Қаламқас-теңіз жобаларын игеру туралы келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда 20 жер қойнауы учаскесін мұнай мен газбен қамтамасыз ету бойынша онлайн-аукцион өтіп жатыр. Қыркүйек айында экспортқа бағытталған оншақты мұнай кәсіпшілігінің сервистік компаниясының қатысуымен Мәскеу мен Түменде ресейлік мердігерлермен бірқатар кездесу өткіздік. Біз қазақстандық мұнай кәсіпшілігінің сервистік компаниялары үшін орасан зор мүмкіндіктердің барын көріп отырмыз. Оның үстіне ресейлік тапсырыс берушілер Теңіз және Қашаған жобаларында мол тәжірибе жинақтаған қазақстандық мамандар туралы жылы лебіздерін білдіреді, -дейді Мұрат Жүребеков.

Өзгелердің жаңалығы