Болгария астанасында таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының соңғы күні өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.
Olympic.kz мәліметінше, әлем чемпионатына 90 елден 811 спортшы қатысты. Қазақстандықтар екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды. Отандық таеквондошылар арасында күміс жүлдегер атанған Айдана Сүндетбай (46 келіге дейін) мен Темірлан Тлеулес (51 келіге дейін) көзге түсті. Әсет Ерғалиев (48 келіге дейін), Жавохирхон Исламов (55 келіге дейін), Әлібек Шайкенов (59 келіге дейін) және Батырхан Тілеуғали (59 келіге дейін) үшінші болды.