Еліміздің ядролық қарудан азат әлем құру идеясы қолдау тапты

8 Желтоқсан 2021, 18:18
1003
Бөлісу:
Еліміздің ядролық қарудан азат әлем құру идеясы қолдау тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-шы сессиясының пленарлық отырысында «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға бірдей декларация» атты қарар қабылданып, оған БҰҰ-ның 141 мүше-мемлекеттері дауыс берді.

Ядролық қару-жарақты бақылау мен қарусыздану саласындағы диалогты жалғастыру, ядролық қару-жарақты жою бойынша өзара сенім мен проблемаға ортақ көзқарасты қалыптастыру әлем мемлекеттері арасында кең қолдауын табуда. БҰҰ мүше-мемлекеттері тарапынан қазақстандық бастамаға білдірілген берік қолдау оның аса маңыздылығын, сондай-ақ еліміздің жаһандық ядролық қарусыздану үдерісіне, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті күшейтуге қосқан үлесін тану.

Декларация ядролық қаруды қолданудың немесе қолдану қатерінің  жалғыз толық кепілдігі ретінде оны түпкілікті жоюға, адами және экономикалық ресурстарды бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту және тұрақты даму мақсаттарына бағыттауға, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады.

Тиісті қарар қабылдау бастамасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында көтерілді. Ол 2015 және 2018 жылдары қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы