Еліміздің үздік перзентханалары мен балалар ауруханалары анықталды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

 Денсаулық сақтау министрлігі Кеше 2026, 22:51
Кеше 2026, 22:51
159
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиында Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы үздік медициналық ұйымдарды марапаттады.

Конкурс қорытындысы бойынша «Беделді перзентхана» атағына үш медициналық ұйым ие болды:

  • №2 көпбейінді қалалық аурухана;
  • №1 облыстық перинаталдық орталық;

Облыстық перинаталдық орталық.

Ал «Беделді балалар ауруханасы» номинациясында үздік деп танылғандар:

  • Қалалық балалар ауруханасы;
  • №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы;
  • №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ана мен бала денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жоғары нәтижелер медицина қызметкерлерінің кәсібилігі, заманауи технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін үздіксіз жетілдірудің арқасында мүмкін болып отыр.

Министрлік мәліметінше, елімізде ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасып, медициналық ұйымдар халықаралық озық стандарттарды тәжірибеге енгізуде.

Наверх